Атырауда жоғалған балықшылар табылды

Қараша айының 3-і күні балық аулауға шығып оралмаған 4 балықшы табылды, деп хабарлайды Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, балықшылар қараша айының 7-сі күні сағат 09.30 шамасында өздерінің аман-есен екендіктерін айтып (Жанбай ауылынан 50 шақырым қашықтықта жүрген) басшыларына ұялы телефон арқылы хабарласыпты.

Айта кетейік, қараша айының 3-і күні күні балық аулауға шыққан «Амангелді» және «Сеф Каспий фиш» кәсіпорындарының 4 балықшы хабарсыз кетіп, 6 қараша күні оларды іздеу жұмыстары басталған болатын. Болған оқиғаға орай Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді. «Балық аулауға шыққан кезде ең бірінші қайықтың жағдайын тексерген жөн және оған шамадан тыс жүк тиемеу қажет.

Құтқару кеудешесін алуды ұмытпаңыз. «Жаман айтпай, жақсы жоқ», абайсызда аударылған жағдайда қайықтан ұстап тұрып, қайраңға жүзуге тырысыңыз. Төтенше жағдай орын алса, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз» дейді департаменттің қоғаммен байланыс тобы мамандары.

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз