Атырауда жерге орналастыру, геодезия және картогрофия күніне орай қызметкерлер марапатталды

«Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев жерге орналастыру, геодезия және картография күніне орай сала мамандарын құттықтады»,-деп хабарлайды өңірлік коммуникация  қызметі.

Салтанатты іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облыстық филиалының жерге орналастыру бойынша мамандары мен жер қатынастары басқармасының қызметкерлері қатысты.

«Осы салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің атынан құттықтаймын. Әрбір салынатын құрылыстың негізі жердің белгіленуімен тығыз байланысты. Ал, оны тиісті заңдылыққа сәйкес, кодекс талаптарын сақтап, бөліп беру, оларды орналастыру, үйлестіру сіздердің жұмыстарыңыз. Облыста қаншама өндірістік нысандар тұрғызылып, құрылыс жүріп жатса, сонша сіздердің де еңбектеріңіз бар»,-деді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев.

Жер ресурстарын басқару және жерге орналастыру жүйесіндегі мінсіз қосқан елеулі еңбегі үшін қызметкерлер ҚР Жер ресурстарын басқару комитетінің «Үздік жерге орналастыру» Құрмет дипломымен, Атырау облысы әкімінің және облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталды.

Өз кезегінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқали ұжымдастарын құттықтап, сөз сөйледі.

«Әр мамандық иесі өзінің кәсіби мерекесін құрмет тұтады. Осы орайда сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Жер саласы үлкен бағыт, мұндағы құжаттар мен заңдылықтардың сақталуы өз алдына бір бөлек, ал оны бөлу, үйлестіру үшін жасалып жатқан әр қызметкердің еңбегі одан да зор деп білемін»,-деді Ә.Ермекқали.

Айта кету керек, аталған кәсіби мереке елімізде 2018 жылдан бері наурыз айының екінші сенбісінде аталып келеді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз