Атыраудағы көрме-жәрмеңкеге индерліктер де қатысты

Өткен аптада Атырау қаласындағы «Байзар» сауда орталығында облыс көлеміндегі «Bastau» жобасының 2017-2021 жылғы түлектерінің көрме-жәрмеңкесі өткізілді. Мақсаты – «Bastau» жобасының түлектерін халыққа насихаттау, кәсіпкерлікке деген қызығушылықтарын ояту. Аталған жәрмеңкеге Индер ауданынан да кәсіпкерлер қатысып келді.

Атап айтсақ, қолөнер бұйымдарымен айналысатын Гүлнар Кенжеғалиева, кондитер Альмира Мұқашева және кондитер Жансая Ахметовалар өздерінің өнімдерін қала халқына ұсынды. Көрме-жәрмеңке соңында Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Суюнбаев барша кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, бірқатар кәсіпкерлерді алғыс хатпен марапаттады. Марапат Индер ауданынан қатысқан Жансая Ахметоваға да бұйырды. Жансая Өрлік ауылының тұрғыны.

kormenin-kyzy

Бүгінде ауыл тұрғындарын кондитерлік өнімдермен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлердің бірі. – Бүгінгі жәрмеңке жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Демалыс күндері сауда орталығына келушілердің саны да көп, соған сәйкес біздің халыққа ұсынып отырған өнімдерімізге де көпшілігі қызығушылық танытып отыр. Негізінен, өзімнің мамандағым аспазшы-кондитер. 2 жыл көлемінде тапсырыстарды үйден қабылдайтын едім. Одан кейін, мемлекеттік бағдарламамен ИП ашуды жоспарлап, «Bastau» жобасында білім алдым. Осы жылы 583 400 теңге қайтарымсыз грант алған болатынмын. Қазіргі таңда одан әрі дамыту жоспарымда бар,- дейді «Расул» жеке кәсіпкерлігінің иесі Жансая Ахметова.

Ал, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Индер аудандық филиалының директоры Дәурен Сағынғалиев: – Жалпы 2021 жылы аталған жоба бойынша 126 адам оқу бітірген болатын. Ал, 48 адам грант алды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады. Кәсіпкерлерді әркез белсенді болуға шақырамын - деді.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521