Атырауда шетелдік кадрларды отандық кадрлармен алмастырудың «Жол картасы» таныстырылды

Теңіз кен орнында өз қызметін жүзеге асыратын мердігер және қосалқы мердігер ұйымдарға шетелдік қызметкерлерді кейіннен ауыстыру үшін қазақстандық мамандарды жоспарлы даярлаудың жол картасы ұсынылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуге Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы,«Теңізшевройл» кәсіпорны және 100-ден астам жеке мердігер ұйымның өкілдері қатысты.

Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің айтуынша, «Жол картасы» екі жыл ішінде жүзеге асырылады.

— Бағдарлама шетелдік жұмыс күшін алға қарай алмастыру үшін азаматтарды өзекті мамандықтар бойынша оқыту мен қайта даярлауға, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізуге, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Шетелдік мамандардың қазақстандық жұмысшыларға тәлімгерлік қызметі де белсенді түрде жүргізілуде, - дейді Азамат Мәмбетов.

Кездесу барысында тараптар жұмысшы мамандықтарын оқыту және қайта оқыту бойынша қысқа мерзімді курстардың рөлін атап өтті. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының айтуынша, 2019-2023 жылдар аралығында оқудан өткендердің 80% - ы жұмысқа орналастырылған.

"ТШО штатында қазір қызметкерлердің 95%-дан астамы - Қазақстан азаматтары. Түрлі бағдарламалардың нәтижесінде қазақстандықтардың көбі басшылық лауазымдарды иеленеді. Жоғары және орта буын басшылары арасындағы қазақстандықтардың үлесі -88%. Жалпы, 2007 жылдан бастап 460-тан астам отандық қызметкер шетелдік әріптестерін негізгі басшылық және техникалық қызметтерде алмастырды", - деп атап өтті ТШО бас директорының орынбасары Көңілқош Сүйесінов.

Айта кетейік, компания келешегі зор қазақстандық қызметкерлерге отандық және халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың жоғары басшылық және техникалық лауазымдарды атқаруы үшін біліктілігін дамытуға, халықаралық стандарттарды, технологияларды және озық тәжірибелерді білуіне көмектеседі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521