Атырауда көлікке қағылған жәбірленуші оқиға орнынан қашып кеткен

Атырауда "ГАЗель" автокөлігін тізгіндеген азамат жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан адамды қағып өтті, деп хабарлайды ATPress.kz.
 
Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті мәлімдеді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі: "11.09.2022 жылы сағат 16:00 шамасында Сәтпаев-Некрасов көше қиылысында 1960 жылы туған азамат К.Д-ның басқаруындағы маркасы Газ 330232-2288 көлік құралы Сәтпаев көшесімен келе жатып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өтпесімен өтіп келе жатқан белгісіз жаяу жүргіншіге жол бермей, қағып құлатқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері келгенше "Жедел жәрдемге" тексеріліп жатқан жәбірленуші өзінің аты-жөнін айтпастан және ауруханаға бармастан оқиға орнынан кетіп қалған. Қазіргі уақытта оқиға орны сызылып, көлік тұраққа қойылып, жәбірленуші туралы мәліметтер болмауына байланысты анықтау мақсатында тиісті іс-құжаттар жинақталуда".

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521