Атырауда деструктивті діни ағым өкілдерінен 186 грамм марихуана тәркіленді

cурет www.inform.kz сайтынан алынды

Атырау полицейлері деструктивті діни ағым өкілдерінен марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-не сілтеме жасап.

19 қаңтар күні сағат 12:25 шамасында Атырау облысы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара кезінде Ислам дінінің дестурктивті ағымының радикалды бағытын ұстанушыларды анықтады. Сондай-ақ 1995 және 1996 жылдары туған бұл азаматтардан 1 қара түсті полиэтилен, 2 қою жасыл түсті қағаз орама тәркіленді.

«Химиялық экспертиза қорытындысы бойынша тәркіленген заттардың 186 грамм болатын марихуана екені белгілі болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», - деп жазды ведомстводан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521