АТЫРАУДА БЕЛГІСІЗ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛҒАН

21 ақпан күні сағат 03:08 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері Атырау мөлтек ауданындағы көпір үстінде белігісіз әйел адамның көпірден секіргелі тұрғандығын байқаған.

Жедел басқару орталығының кезекші инспекторы полиция капитаны Гүлмира Таздарбаева ЖБО бейнекамерасымен қарап анықтап, радиоқабылдағышы арқылы жақын маңдағы ППБ Батыс қызметкерлеріне бағыттама берген. Оқиға орнына жеткен полицейлер полиция аға лейтенанты Ерболат Магзомов 1999 ж.т., көпірден секірмек болған азаматшаны құтқарды.

- Барлығы жақсы аяқталғанына қуандым іштей. Хабарламаны естігенде көпірге үлгеріп жетуді ғана ойладық. Азаматша көпір үстінде тұр екен, тек шапшаңдық қажетін түсіндім - деді, полиция аға лейтенанты Ерболат Магзомов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT