Атырауда қауіпті су қоймаларында 28 адам көз жұмған

Бұл туралы брифинг барысында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті​ Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы, майор Бақыт Абланов айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Мәселен, биыл қауіпті су қоймаларында 28 тұрғын ажал құшты. Оның ішінде, 10 бала бар. Мәселен, Атырау қаласында 17, Индер ауданында 10, Махамбетте 19, Құрманғазыда 2, Жылыойда 7 және Қызылқоғада 15 қауіпті су қоймасы бар. Бұл жерлердің бәрінде төтенше жағдайдың алдын алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Балық аулауға шығатын тұрғындардың арасында​ суға бату деректері тыйылмай тұр.

Ал, аң​ аулаушылар көп жағдайда орман өртінің тұтануына себепші болып жатады. Атырау қаласы, Жылыой мен Құрманғазы аудандарында жедел құтқару қызметкерлері тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс жасайды, - деді ол. Сондай-ақ, спикер соңғы кезде балалардың терезеден құлау дерегі азаймай тұрғанын айтып, ата-аналарды мұқият болуға​ шақырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521