Атырауда ақша айырбастау пункттері доллар сатуды тоқтатты

Атырауда 1 АҚШ доллары 471 теңгеге дейін өсті. Бұл кешегімен салыстырғанда 31 теңгеге көп.

 Бүгін кейбір ақша айырбастау пункттері ашылмады. Ал жұмыс істеп тұрғандары бүгіннен бастап доллар сатуды тоқтатты. Екінші деңгейлі банктерде шетел валютасы сатылып жатыр.

24 ақпандағы жағдай бойынша, Халық банк долларды 465,50 теңгеден алып 471,50 теңгеден сатса, Kaspi банк 466 теңгеден қабылдап, 472 теңгеден сатуда. 

Еске салайық 23 ақпандағы жағдай бойынша 1 доллардың бағасы 436-440 теңге аралығында болды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

azh.kz 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521