Атырауда 8 жасар баланы бұралқы ит талап тастады

Атырауда 8 жасар баланы бұралқы ит талап тастады. Басы мен аяғына зақым келген жасөспірім аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқиға кеше, 15 ақпанда жергілікті уақытпен саған 19:00 шамасында болған.

Бұл деректі Атырау облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі растады.

«Куәгерлердің айтуынша, кеше кеште 2015 жылғы туған баланы бұралқы ит талаған. Бала травматикалық күйзеліске түскен. Баланың басы мен аяғында жарақаты бар. Ол облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оған жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде ота жасады. Қазір науқас аталған бөлімде ем-дом шараларын алып жатыр. Дәрігерлерлер науқастың денсаулығын бақылуда ұстап отыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Бұралқы ит баланың сол жақ бетін, ернін бірнеше рет тістеген. Ауруханада баланың бетіндегі жарақаты тігілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521