Атырау университетінде "Атырау-Ақпарат" медиаорталығы ашылды

Бүгін Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде "Атырау-Ақпарат" медиаорталығының ашылу салтанаты өтті.

Медиаорталық лентасын университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асхат Шүкіров пен «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директоры Ысқақ Егембердиев қиды.

Медиаорталық келешекте сту¬денттердің теория мен практиканы ұштастыра отырып, университет қабырғасында жүріп-ақ редакциялар мен баспахананың қайнаған тіршілігімен емін-еркін араласуына, кәсіби журналистерден тәлім алып, тәжірибе жинақтауын мақсат тұтады. Онда Атырау университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, елімізге және өңірімізге танымал журналистер, медиа мамандары дәріс оқиды.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев мұндай жобаның өңірдегі ақпарат саласы үшін маңызы зор екенін айтады. «Біздің мақсат екі жақтағы ынтымақтастықты ныңайту емес, шын мәніндегі мамандарды оқыту, болашақ журналистердің тео¬рия¬лық білімін тәжірибелік біліктілікпен ұштастыру. Журналистика салаласынан білікті мамандар шықса, бұл біз үшін үлкен мақтаныш» ,-дейді.

Журналистика кафедрасының меңгерушісі Мәншүк Тынышқалиқызы медиаорталықтың мақсат міндетіне, кадр дайындаудағы рөліне тоқталып өтті.

Мазмұнды шара соңында Ысқақ Егембердиев қатысушы студенттердің сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз