Атырау облысының әкімі мен Қырғызстан елшісі екіжақты қатынастардың дамуын талқылады

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Дастан Дюшекеевпен кездесті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында Серік Шәпкенов екі елдің мәдени-гуманитарлық, туризм және спорт салаларындағы ынтымақтастығы артып келе жатқанын атап өтті. Бұл ретте екі ел арасындағы іскерлік қатынасты жетілдіруге қатысты барлық ұсыныстарды құп алуға екенін айтты. 

- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, екі ел арасында бауырлық қарым-қатынас пен сауда-экономикалық  байланыс орнады. Бүгінгі таңда Атырау облысында қырғыз капиталының қатысуымен қызмет көрсету, ойын-сауық, көтерме сауда және т.б. салаларда 20 кәсіпорын тіркеліп, қызмет етуде. Осыған байланысты екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, қырғыз инвестицияларын тартуға және бірлескен кәсіпорындар құруға біз өз тарапымыздан қызығушылық танытамыз. Қырғызстан бизнесі мен Атырау облысының кәсіпкерлері бірлескен қызмет атқарған жағдайда, елдеріміз арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен өзара тиімді әріптестіктің нығаюына жаңа серпін берілетініне сенімдімін,-деді С.Шәпкенов.

Өз кезегінде Дастан Дюшекеев бауырлас елдер арасындағы халықаралық түйткілді мәселелерге қатысты ұстанымы ортақ екенін айтып, ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесуде  қос тарап ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны дамыту перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сауда-саттық, инвестиция, транзит және көлік, туризм салаларындағы қатынастардың дамуы туралы пікір алмасты.

Анықтама үшін: Биыл алты айда Атырау облысының Қырғызстанмен сыртқы сауда айналымы – 3,2 млн АҚШ доллар.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521