Жедел ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы энергия мекемелерінде болған технологиялық бұзушылықтар, 5.05.2020 жылғы 07:00 сағаттағы жағдай бойынша
Атырау аймағындағы жылуэлектр орталықтарында жұмыс істейтін:
1. «АЖЭО» АҚ электрстанциясында 9 қазандық агрегаты, 9 турбина агрегаты жұмыс істейді, (қордағысы - 5 қазандық агрегаты, 2 турбина агрегаты). Қолда бар электрэнергия қуаты 342 МВт құрайды.
Сұраныс бойынша генерация 224 МВт. Газдың тәулікте жұмсалған шығыны 2049580 м3 . «АЖЭО» АҚ-ның қоймасында жанармайдың қажетті қоры сақталған (5 күнге 5984,7 тонна). 2. Ал, «АМӨЗ» ЖШС–і ЖЭО–да 6 қазандық агрегаты жұмыс істейді, турбина агрегаты 4-еу (№6 бір қазандық агрегаты - қорда). Қол жетімді электр энергиясының қуаты 30 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 24 МВт.
Қоймада жанармайдың қажетті қоры сақталған (10 күнге 1270 тонна). 3. «Қашаған» электрстанциясында 5 турбина агрегаты жұмыс істейді. (2 турбина агрегаты резервте, 1 турбоагрегат жөндеуде). Қолжетімді электр энергия қуаты 311,56 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 136 МВт. 4. «ТШО» электрстанциясында 8 турбина агрегаты жұмыс істейді. (бір турбина №6,6 агрегаты резервте).
Қолжетімді электр энергия қуаты 472 МВт құрайды. Сұраныс бойынша генерация 212 МВт. Көрсетілген кезеңде Атырау облысындағы энергия мекемелерінде технологиялық бұзушылықтар тіркелмеген.
Ж.М.Айтказиев
Департамент басшысы