Атырау облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Атырау облысының аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«30 қаңтар - 1 ақпан аралығында Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыс, шығыстан жел соғады. 30 қаңтарда күндіз, 31 қаңтар, 1 ақпанда тәулік бойы кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 30-31 қаңтарда Атырау қаласында тұман күтіледі», делінген ауа райы болжамында.

Еске сала кетсек, синоптиктер Қазақстанда 30 қаңтардан 1 ақпанға дейін 35 градусқа дейін қатты аяз болатынын ескертті.

inform.kz

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521