Атырау облысы әкімінің экс-орынбасарына үкім шығарылды

17 мамырда Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың ісі бойынша сот талқылауы аяқталды.

Сот Таубаевқа 10 жыл, Басаровқа 5 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Айыпталушылар сот шешімімен келіспеген жағдайда, 15 тәулік ішінде шағым Аппеляциялық сотқа шағым түсіре алады.

Естеріңізге сала кетейік, Таубаев пен Басаров ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігі «аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу» бойынша айыпталуда.

Олар 2020 жылдың 10 қыркүйегінде ұсталды.

Өткен жылдың сәуір айында бұрынғы шенеуніктерге қатысты сот ісі басталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT