Атырау облысы Индер ауданының әкімі тағайындалды

  • Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов Индер аудандық мәслихатының депутаттарына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісілген жаңа әкімнің кандидатурасын ұсынды, ол Шамұратов Дарын Дүйсембайұлы, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
    Дарын Шамұратов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «география» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
    Еңбек өтілі:
    02.2009-05.2009 аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманның міндетін уақытша атқарушы
    05.2009-12.2009 аралығында – Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы
    12.2009-09.2012 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас маманы
    09.2012-25.10.2012 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісі
    10.2012-08.2017 аралығында – Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы
    08.2017-04.2021 аралығында – Индер ауданы әкімінің аппараты, аудан әкімінің орынбасары
    Тағайындалғанға дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
    Аймақ басшысы Серік Шапкенов Индер ауданының жаңа әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына және Мемлекет Басшысының жолдауын жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
    whatsapp-image-2022-09-14-at-14_14_021

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз