2022 жылдың 15 маусымынан бастап Атырау облысы бойынша шомылу маусымы ресми түрде ашылды. 15 маусымда Атырау облысы ТЖД қызметкерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен және "Qazaqstan" республикалық телеарнасының өкілдерімен бірге профилактикалық іс-шара өткізді.
«Жыл басынан бері 8 адам суға кетті, оның ішінде 2 бала:
1) 2022 жылдың 22 қаңтарында 2013 жылы туылған бала Атырау қаласындағы "Перетаска" каналында мұз астына түсіп кетті.
2) 2022 жылғы 4 маусымда 2009 жылы туған бала Атырау облысы, Жылыой ауданы, Ембі ауылында шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кетті. Балалардың қаза болуының негізгі себептері-ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы және балалардың ересектердің қарауынсыз өз бетінше шомылуынан орын алып отыр. Атырау облысында суға шомылу маусымы кезеңінде (2021 жылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейін) талдау бойынша 2021 жылы 2020 жылмен салыстырғанда зардап шеккендердің саны 4 адамға артқаны байқалады.
1 маусымнан 31 тамызға дейін қаза болғандар: 2020 жылы – 17 адам, оның ішінде 4 бала; 2021 жылы – 21 адам, оның ішінде 4 бала.
Өткен жылы суға шомылу маусымы кезінде антирекорд Атырау қаласында – 11, Махамбет ауданында – 4, Жылыой ауданында – 2, Құрманғазы ауданында – 2 және Индер ауданында – 2 қайғылы оқиға тіркелген.
2021 жылы суға батқан адамдардың бірнеше себептері бар: - Жабдықталмаған, тыйым салынған жерде шомылу-4 жағдай; - Ересек балаларды қараусыз қалдыру-10 жағдай; - Суға құлау және өз күштерін дұрыс бағаламау – 10 жағдай; Мас күйінде шомылу-4.
Айта кету керек, 2021 жылы ТЖД күшімен 4 адам құтқарылды, оның ішінде 2 кәмелетке толмағандар. Одан әрі жедел-құтқару жасағы шартты түрде суға батқан адамды құтқару бойынша ұйымдастырылған көрнекі практикалық іс-шара барысында, құтқару техникасын көрсетіп, зардап шеккен адамды судан шығарып, жедел медициналық көмек көрсетті.
Тұрғындармен алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында, қызметкерлер "жабайы және стихиялық жағажайларға" қайықпен бет алды. Құтқарушылар тұрғындарды "жабайы жағажайлардан" қуып шығарып, арнайы жабдықталған жағажайларда шомылуға кеңес берді. Бірақ Дене шынықтыру-сауықтыру кешені маңындағы ресми жабдықталған жағажайында құтқарушылар ата-аналарының қарауынсыз шомылып жүрген 20-дан астам кәмелетке толмаған баланы кездестірді, балалардың жанында ересектер болған жоқ!
Құрметті ата-аналар, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сіздерді балаларды қатаң қадағалауға шақырады! Оларға ересектердің қарауынсыз шомылуға рұқсат бермеңіз! Демалыс кезінде алкогольдік ішімдіктерді пайдаланбаңыз! Тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз! Сақ болыңыз!
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы