Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Азмұханов «Атырау-Ақпарат» ұжымының жаңа басшысын таныстырды.
Жасын Біркенов - Солтүстік Қазақстанның тумасы. Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары ол МТРК (Петропавл), «Қазақстан-Петропавл», сондай-ақ «Қазақстан» және «7 канал» арналарында жұмыс істеді.
2015 жылдан бастап «24kz» арнасында жұмыс істеді. Украина мен Өзбекстанда «24kz» телеарнасының меншікті тілшісі қызметін атқарған.
Айта кетейік, «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі - 2 облыстық, 7 аудандық газет, 11 ақпараттық сайт пен баспахана біріктіретін ірі құрылым.