Қараусыз мал тұраққа қамалады

Аудандық полиция бөлімі қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстарды болдырмау мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және орын алған қылмыстарды ашу бағытында бірқатар жұмыстарды атқарып келеді.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Браконьерлікке және мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралардың 2020-2021 жылдарға арналған жоспарын» іске асыру, сондай-ақ, аудан аумағында қылмыстардың, соның ішінде, мал ұрлығы, жол-көлік оқиғаларының (мал қағу дерегін болдырмау) профилактикасына бағытталған қадағалаусыз жүрген малдарды ұстау орындарын ұйымдастыру бойынша «Учаске», «Қауіпсіз жол», «Құқықтық тәртіп», «Автобус», «Бала-басты жолаушы» сынды ісшаралары өткізіліпті. Нәтижесінде, қараусыз жүрген 13 мал иелеріне қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес, әкімшілік хаттамалар жасақталған.

Алайда, атқарылған іс-шараларға қарамастан, өткен жылы ауданда 5 мал ұрлығы тіркелсе, ағымдағы жылдың үш айында осындай қараусыз жүрген ауылшаруашылық жануарларының салдарынан бір жол-көлік оқиғасы және екі мал ұрлау фактісі орын алып отыр. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Берікқали Джанзаковтың айтуынша, аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында мезгілсіз уақытта қараусыз қалдыру және ұстау қағидаларын бұзған мал иелеріне қатысты әкімшілік шараларын қолдану тапсырылған.

Міне, осы бағытта ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қараусыз жүрген малдарды қамауға арналған уақытша тұрақ ұйымдастыруды, сол малдарды уақытша тұраққа жеткізуді ұйымдастырумен қатар мал жайылымдар орындарын белгілеу туралы хат жолданыпты.

Алайда Индербор кенті, Көктоғай, Өрлік, Есбол, Елтай ауылдары осы бағытта жеке кәсіпкерлермен келісіп, меморандумға қол қойса, Бөдене мен Жарсуат ауылдарына қаражат қаралмағандықтан малдарды уақытша ұстау қамағы қаралмай отыр. Қалай болғанда, әрбір жеке тұрғын өз иелігінде төрт түлігіне ие болып, қадағалап отырғаны керек-ақ.

Диас АЙБАР

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521