Қарапайым Мария

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Өскелең ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп, болашаққа бағытбағдар көрсетіп, келешекке кемел боларлық ақыл-парасат меңгерту аса жауапты іс екені белгілі. Сондықтан да жауапкершілік жүгі ауыр осынау қажырлы іске бой ұрған әрбір маман қоғам арасында үлкен құрметке ие болатындай дәрежеге иек артуға тиіс. Осынау өмірдегі ең қастерлі мамандық ол – тәрбиешілік. Біздің ұжымдағы әр тәрбиеші де баланы жақсы көріп, оларға бар білімдерін беруде айрықша еңбек етуде. Осы орайда, әріптесім Кутрова Мария Николаевна туралы сөз қозғағым келеді.

Ол 2007 жылдан бері «Балдаурен» бөбекжайбақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарып келеді. Тез тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым педагог ретінде әріптестерінің де шәкірттерінің де алдында қадірлі. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, бала жүрегіне жол тауып, білім мен тәрбиені ұштастырған педагог ғана емес, ол – екі баланың анасы, аяулы жар. Ешқашан ерінбей, өзін жан-жақты дамытып отырады. Түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды да иеленіп жүр.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған фестивальде «Көзімнің қарасы» әнін орындап көпшіліктің ықыласына бөленген еді. Жақында ғана Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов өткізген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі» атты педагогтердің Көкшетау қаласындағы республикалық съезіне қатысып, тәжірибе алмасып келді.

mariya-balalarmen

– Мария Николаевна 15 жылдан бері бізде жұмыс жасайды. Білім беру мен тәрбиелеу ісін заман талабына сай шығармашылықпен жүргізіп келеді. Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр-сырын таба білетін тәрбиеші. Бала жүрегіне жол тапқан ұстаз,- дейді балабақша директоры Жамал Диярова

Иә, «Бағбанның ағашы – балабақшаның баласы» дегендей, балаларымыздың болашағына алғашқы кірпішті қалайтын мамандық иесіне тек табыс тілейміз.

Л.ХАЙРУЛЛИНА,

«Балдаурен» балабақшасының әдіскер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521