Ақ тілектер ақтарылған күн (ВИДЕО)

Мерекесі қарсаңында Индербор кенті әкімі аппараты асыл да, ардақты қарттардың басын қосып, құрмет көрсетті.

Шара барысында кент әкімі Асхат Аймұратов үлкендерге ізгі тілегін арнады.

Қазақ халқы ежелден табиғат-ана жаңарып, жер-ана бесігі бусанып бәйшешек бүр жаратын кезеңде мейман шақырып, төс қағыстыра көрісіп, өткеніне салауат айтып, келешекке үмітпен қарап бата қылысқан. Ақ тілектерін ақтарып, тәңірден елге амандық пен татулық тілеген. Осы орайда қонақтардың арасынан 92 жастағы Жанияш Сұлтанғалиева сөз алып, ұйымдастырушыларға алғысын айтып, қол жайып батасын берді.

Ал шараны одан әрмен жерлес өнерпаздар Е.Әубәкіров, М.Жұмашев, О.Аққалиевтар әнмен әрлеп, жақсы көңіл күй сыйлады.

А.БОКИРОВА

Индербор кенті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521