«Amanat» партиясының - 25 жыл, Ауған соғысының 35 жылдығына орай аудан мекемелері арасында кіші аяқ доптан турнир өтті.


Жарыстың салтанатты ашылуында аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы                  Жеміс Тілепкалиева, аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Әйтимов ақ тілектерін арнап, сайыскерлерге сәттілік тіледі.


Жарыста барлығы 15 команда күш сынасты. Онын ішінде өндірістік орындар мен мекемелер, қуқық қорғау жане мектеп командалары бәйгеге түсті. Нәтижесінде «Сайда» сауда үйі командасы бас жүлдені жеңіп алды. Спорт мектебі мен аудан әкімінін аппараты командасы жүлделі орындарды өзара бөлісті. Аталмыш партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Даурен Сатынғалиев жүлдегер командаларды марапаттады. Сонымен қатар, Ағган соғысы ардагерлеріне Алғыс хат табыс етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521