Индер аудандық музейде онлайн түрде хандыққа арналған көрме өтті.
Еліміздің кешегі өткен тарихын келешек ұрпақ санасына сіңіру мақсатында қолға алынған істер қатарында Алтын Орда хандығының құрылғанына 750 жыл толуына орай ұйымдастырылған шаралар легі қайта жалғаса бастады. Карантиндік шаралар мұражайға келушілер санын шектегенімен жұртшылықпен байланыс онлайн түрде өтуде. Қазақ тарихында даңқты қолбасшылығымен есімдері ерекшеленіп тұрған хандар мен батырлар хақында «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» тақырыбындағы көрме көрерменге ұсынылыпты.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау-2019» халықаралық-туристтік форумында Алтын Орда негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуды қажеттігін айтты. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып кесенесін мәдени – туризм нысанына айналдыру өте маңызды міндет. «Ұлытау» -халықаралық деңгейдегі этнографиялық туризм орталығы болуы тиіс. Бұл жұмыстары «Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу аясында басталуы керек деген болатын. Бұл шараның да өзіндік маңызы жоғары. Осы бағытта Индер ауданындық музейінде жұмыстар жасалып жатыр, - дейді музей директоры Майгүл Жалғасбаева.
Өткен ғасырдың 1977 жылы қоғамдық негізде құрылған аудандық өлкетану мұражайын да бұл күнде 5415 жәдігер сақталған. Негізгі және қосымша қор болып бөлінетін жәдігерлер арасында кенді ауданның кешегі тарихынан мол сыр шертетін, топырағынан түлеген айтулы тұлғалар туралы мен бүгіні туралы деректер мұражай төрінен орын алған.
С. КӨШЕКОВ