«АЛТЫН ИНЕ» ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Индербор кенті орталығынан "Алтын ине" тігін шеберханасының ашылуы салтанатты түрде өтті.

Аталған шараға мекеме басшыларымен қоса кент әкімі А.Аймұратов қатысып, тігін шеберханасының алқызыл лентасын қиды. Ищанова Айжан 2019 жылы мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан үлкен қолдаймен "Атамекен " Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан өткізіліп отырған "Бастау Бизнес" оқыту курсын аяқтаған.

tiginnn

Сондай-ақ талантты жас "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен 200 МРП көлемінде қайтарымсыз қаражатқа ие болып, аталған қаражатты мақсатты пайдаланып, 3 тігін машинасын сатып алып өз кәсібін бастауда.

tigin111

Салтанатты жиында сөз сөйлеген А.Ищанова өзі секілді жаңадан өз кәсібін бастағалы отырған кәсіпкерлерге осындай мемлекеттік бағдарламалардың көптеген көмегі бар екенін айтып, өз ризашылығын білдіре келе, мереке күндері қарасыңында көпбалалы жанұяларға, әлеуметтік осал топтарға көптеген жеңілдіктер қарастырылатынын сөзге тиек етті.

«ДЕНДЕР»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521