АЛМАТЫДА БҮЛІКШІЛЕРГЕ НЕГЕ БІРДЕН ОҚ АТЫЛМАҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Бұл туралы баспасөз мәслихатында Алматы қаласының полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов түсіндірді.

“Түскі уақытта кем дегенде 10 мың адамнан тұратын шабуылдаушылардың негізгі колоннасы басып алынған коммуналдық көліктердің көмегімен қоршауды бұзып өтіп, қала Әкімдігін басып алуға әрекеттенді. Оларға әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ атпаған себебі – үлкен адам шығынын болдырмау”, – деді Таймерденов. 

 Оның айтуынша, лаңкестер қару иелену мақсатында арнайы дүкендерге, полиция департаментіне шабуыл жасаған.

 "Лаңкестердің басқа топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды, олар ол жерден қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденді. Барлығы 1347 қару ұрланған, оның ішінде 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару. Осының барлығы нақты ұйымдастырылған, олардың іс-әрекетін топ жетекшілері үйлестірді” дейді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін Бас прокуратура Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздіктерге 50 мыңнан астам адам қатысқанын жариялаған болатын. Елдегі бүлік салдарынан 225 адам көз жұмған.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика