Бүгінде елде алаяқтық тыйылмай тұр. Сандық технологияның тілін меңгерген әккілердің құрығы ұзарып, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрлерін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірімізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Олардың көмегімен виртуалды қызметтермен өнімдерге қол жеткіземіз, белгілі бір тауарларға сұраныс та артып, алаяқтықтың да түрлі әдістері белең алды. Осыған орай, аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен полиция, аудандық жастар ресурстық орталығы, Азаматтық орталық қызметкерлерінің бірлесуімен аудан бойынша халық арасында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі Болат Айдын:
– Қоғамда алаяқтық белең алып, көбінесе мемлекеттік қызметкерлер мен зейнет жасындағылар алаяқтықтың құрбаны болып отыр. Осы ретте аудан тұрғындары сақтықты ұмытпауы қажет екенін ескерткім келеді. Кей жағдайда банк қызметкерлері немесе құқық қорғау органда-рынан қоңырау шалып, сіздің шотыңызда күмәнді операци - ялар болып жатқанын немесе белгісіз біреулер несие алайын деп жатқанын хабарлайды. Бұл – интернет алаяқтықтың бір түрі. Банк қызметкерлері бұндай операцияларды орындамайды. Әсіресе, сіздің есепшотыңыздағы қаржыны қауіпсіз шотқа аударуды ешқашан сұрамайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қылмыстық істерді қашықтан тергемейді және ешқандай операция жа- сауды талап етпейді. Мұндай жағдайда бірден 102 нөміріне хабарласыңыз. Сонымен қатар, қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен түрлі интернет платформалар арқылы сауда жасау сәнге айналған. Сондықтан жеке құпия сандарды таратуға абай болу қажет және ақша аудармас бұрын немесе та- уарды бөліп төлеуге рәсімдемес бұрын онлайн дүкеннің шынымен бар екеніне көз жеткізу қажет. Төмен баға, жылдам жеткізу, та- уар туралы пікірлердің болмауы өтірік тауардың белгілеріне жа- тады, – дейді ол.
Жадыра НАРИМАНОВА