"Алғашқы жұмыс орыны"

             Жастарды жұмыспен қамту үшін мемлекеттік «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орыным» бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Оқу орнын жаңадан аяқтап екі қолға бір күрек таппай жүргендер үшін бұл зор көмек екені айтпаса да түсінікті.

            Мемлекеттің көмегіне ие болған жастардың қатарында Жазира Қазиханова да бар. Махамбет ауданының тумасы Атырау қаласындағы Қ.Дүтбаева атындағы педагогикалық колледжін бастауыш сынып пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. Оқу бітірген соң біздің ауданның келіні атанып, бір шаңырақтың отанасына айналып үлгерді. Ол алдымен жұмыс сұрап аудандық жұмыспен қамту орталығына барып тіркеледі. Орталық мамандары «Алғашқы жұмыс орыным» бағдарламасы бойынша жұмыс ұсынған. Бірден келіскен ол М.Әуезов атындағы орта мектепке жұмысқа орналасқан. Мектеп басшысы Роза Дәулетова бастаған ұжым жылы шыраймен қарсы алып, еңбегіне жеміс тілепті.
            -Жалпы, өзім бала кезімнен мұғалімдікті армандап өскен едім. Сол арқылы оқуға түсіп, мамандық иесі атандым. Жұмыспен қамту орталығы арқылы аудандағы іргелі білім ордасына келдім. Педагогикалық ұжым маған өте ұнайды. Білмегенімді үлкендерден сұрап, тәжірибе жинақтап отырған жайым бар. Жастарға жұмыс тауып, қолдау көрсетіп отырған мемлекетке айтар алғысым шексіз,-дейді жас маман.      
            Орталық жетекшісі Айдар Жобаловтың айтуынша, жыл басынан бері осы бағдарлама аясында 5 жас жұмысқа орналасқан. Болашақта да игілікті іс өз жалғасын таппақ.


С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз