«АҚЖАЙЫҚ» ӘУЕЛЕТКЕН ӘНДЕРІ-АЙ...

Жастардың вокалды-аспаптық ансамбль жанрына қызығушылығын ояту, аспаптық музыканы кеңінен насихаттау, талант иелерінің шеберлігі мен шығармашылық ізденістерін ұштастыру, жастарды өнерге, музыканы сүюге тәрбиелеу әркез маңызды. Осы ретте ауданымыздағы «Ақжайық» халықтық вокалды-аспаптар ансамблінің орны ерекше. Өткен жұма күні ансамбль аудандық мәдениет үйінде шығармашылық кешін өткізді.

Бүгінгі күні жаңа қарқынмен шығармашылық қоржынын толтырып, бірнеше жылғы еңбектің нәтижесі ретінде «Халықтық» атағын алған «Ақжайық» халықтық вокалды-аспаптар ансамблінің та рихы тереңде жатыр. 1971 жылы Қалдыбай Тілегеновтың ұйымдастыруымен Индер Борат Руднигі мекемесінің жанынан құрылып, ұзақ жылдар халыққа қызмет етті.

1985 жыл дан бастап ансамбльге әнші-сазгер, да рынды өнерпаз Зәмзәм Дәуітов жетекшілік етіп, сахна төрінде соңғы рет 1997 жылы өнер көрсетіп, кейін тарап кеткен. Ал, 2012 жылы Нұрлан Қаракешовтің жетекшілігімен ансамбль қайта құрылып, жаңа құраммен жұмысын жалғастырады. 2021 жылдан ба стап ансамбльге білікті маман Сағидолла Жұмахметов жетекшілік етіп келеді. Ансамбль репертуарында 60-тан астам қазақ халық әндері мен қазақ классиктерінің, шетел композиторларының әндері бар. Құрылған жылдардан бері ансамбль мәдени көпшілік шараларда өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылығы артып, ауданымыздың мәдениетінің дамуына үлестерін қосуда.

Ансамбль 2022 жылы «Аспаптар үні асқақтаған күн» атты вокалды-аспаптар ансамбльдерінің облыстық байқауында І орын, 2023 жылы Батыс Қазақстан об лысы, Сырым ауданында өткен «Саз әлемі – Сырымда» атты республикалық-аймақтық вокалды-аспаптар ансамбльдерінің фестивалінде «Үздік ансамбль» номинаци ясын жеңіп алған. Құрамында ансамбль жетекшісі, гитарада Сағидолла Жұмахметов, бас ги тарада Нұрлан Қаракешов, дауылпазда Кенжемұрат Мәжитов, бірінші күйсандықта Альбина Мидар, екінші күйсандықта Рус лан Имағанбетов, акустикалық гитара мен вокалда Айдар Досымов болса, Мұратбек Жұмашев, Нұрлан Сағынов, Әсемгүл Дүйсенғалиева – ансамбльдің солистері. Шығармашылық кеште әсем әуезді, терең мағыналы әндер шырқалды.

Ансамбльдің сүйемелдеуімен Мұратбек Жұмашев «Гүл Алматым», «Мен саған өкпелемеймін», «Бойжеткен», «Сұлуым», «Я люблю тебя до слез», Нұрлан Сағынов «Япур-ай», «Жігіттер жыры», «Ақ дариға», «Телефон», дуэтте «Алыстама», «Мұңайма», Айдар Досы мов «Биіктік», «Анашым», триода «Оттегі», Әсемгүл Дүйсенғалиева «Өткен күндер», «Асқақ арман», «Жан сырым», «Сол бір кездер» деп ән салып, «Қуанышым менің» әнімен кешті қорытындылады. Осылайша, әуезді ән мен аспаптың күмбірлеген үнін тыңдауға жиналған жұртшылық көңілді нотада тарқасты.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT