Акция кезінде 6300 тал егілді

Ауданымыздың көркемдік келбетін абаттандырып, көркейту-көгалдандыру мақсатында «Тал егу» акциясы өтті.

Бұл күні ауа-райының жаңбырлы болуына қарамастан аудандағы түрлі мекеме қызметкерлері қолдарына күрек, сыпырғыш, әктегіш құралдарын алып тазалық жұмыстарына белсене артсалысты. Жалпы, ауданда тазалық жұмыстарын жүргізіп, оны көркейту мақсатында арнайы жоспар жасақталып, аудан көлемінде екі айлық сенбілік жарияланған болатын.

- Бүгінгі күні сенбілік барысында 3 секцияға бөлініп жұмыстар жүргізілуде. «Жеңіс», орталық саябағы, Қонаев, Тайсойған көше бойларына барлығы 600 түп ағаш отырғызу ұйымшылдықпен жүргізілді.

Жалпы, акция аясында 6300 тал 8 жерге отырғызылады деп жоспарланды,- дейді кент әкімі А.Аймұратов.

Өз тілшіміз

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21