ҚАЙТАРЫМСЫЗ ҚАРЖЫ КІМДЕРГЕ ТИЕСІЛІ?

Қайтарымсыз қаржы кәсібін бастаймын деген жұмыссыз жандарға беріледі. Ол үшін жұмыссыз ретінде аудандық жұмыспен қамту орталығында тіркелген болуы керек. Содан соң «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалында «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан оқып, сертификат алуы қажет.

Әрі бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар үміткерлер болып табылады.

Ал басқа мекемеде еңбек ететін, кәсіпкерлігі бар, декреттік демалыста отырған немесе студенттер қатыса алмайды, -дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Айдар Жобалов сөзге тартқанымызда. Біз «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының Индер филиалының директоры Дәурен Сағынғалиевты сөзге тартқан едік.

Алдымен жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып бізге келеді. Бұған дейін біз 20 адамнан 6 кезеңде оқытып келдік. Оқу мерзімі 21 күнге белгіленген. Біз мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес береміз. Конкурсқа қатысуы үшін бизнес жоспар жасауына көмектесеміз. Пандемияға байланысты 2020 жылдан бастап оқу курсын онлайн режимінде жүргізіп келдік.

Биылғы курсты наурыз айынан бастау жоспарлануда. Жобадағы өзгерістер туралы алдағы уақытта белгілі болады. Ауданда «Бастау-Бизнестің» координаторы Жазира Оташева, менеджер кеңесшісі Эльмира Киікбаева қызмет етеді, - деді ол.

Саламат БАЗАРБАЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT