АУДАНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ІШІНДЕ АЛҒАШ РЕТ «АЙНАЛАЙЫН» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫНДА «АЙНАЛАЙЫН» ТЕЛЕСТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ.
Телестудияның ашылуында балабақшаның кішкентай тәрбиеленушілері Дана Сағидоллақызы мен Мұқан Дәулетұлы бағдарламаны жүргізіп, аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұхашева мен балабақша меңгерушісі Светлана Жанғалиді таны стырды. Одан соң «Мамандығым – мақтанышым» айдарында «Білім жолына қалай келдіңіз?» деп сұрақ қойды. Ашылу салтанатында «Сылдырмақтар» тобы Қ.Базаровтың жетекшілігімен аспаптар әуенін орындады. Ал кішкентай бүлдіршіндер «Таза Қазақстан» акциясы аясында балабақша шарбағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, тал екті. Ал «Спорт» айдарында «Күлегеш» тобының тәрбиеленушісі Жанель Сисенғали топтық дене жаттығуларын жасағандарын көрсетсе, «Ас – адамның арқауы» айдарында «Жұлдызым» тобының тәрбиеленушісі Дана Теңізбай балабақша ас ханасында еңбек ететін аспазшылардың жұмысымен таныстырып, медбикеден ас мәзірінде қандай дәрумендер болу қажеттігін сұрады. «Ауа райы болжамы» айдарында «Күлегеш» және «АБВГД» тобының тәрбиеленушілері Фатима Айбарқызы мен Хадиша Саматқызы күз мезгіліндегі ауа райына байланысты жылы киініп, қолшатыр алып жүру қажеттігін ескертті. Аталған телестудия жобасының режиссері Қаламқас Дәулетқалиқызы, оператор Саягүл Құмарғалиқызы, студияны әрлеуші Гүлнұр Қайраққызы, жүргізушілерді дайындаған Зульфия Балтабайқызы, музыкамен әрлеуші Қайырғали Қабдығалиұлы және көркемдеуші Меруерт Зейнетқызы. Бөлім басшысы Орынша Ділмұқашева бастамаға сәттілік тілеп, балабақша жұмысымен танысты.
Ж.НАРИМАНОВА

