«Адалдық» әуелі отбасынан бастау алу керек

«Адалдық алаңы» республикалық жоба аясында М.Әуезов атындағы орта мектепте жоғары сынып оқушыларымен шара өтті.

Оның мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық және рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Алдымен шара зейнеткерлікке шыққалы жүрген ақсақалдың зейнеткерікке шығар алдында  жұмысына салғырт қарап, асығыс салған үйі өзіне сыйға тартылғанда өкінгендігі баяндалған бейнефильммен бастау алды.

Кейін шараға қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Артур Мурзин сыбайлас жемқорлық туралы Заң қабылданғаны, сол бағытта жұмыстар атқарылып жатқандығын айта келе, алда төрт ірі шара тұрғандығын, соған белсене қатысуға және білімді болып, жемқорлыққа жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар сондай фактіге тап болған жағдайда аудандағы «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның төрағасы Ж.Амантурлин және белсенді жастардан құрылған «Адалдық алаңы» тобына хабарласуға болатынын қаперге берді.

Кездесу шарасына қатысқан оқушылар ауданда осы кеселмен күресудің қаншалықты жүргізіліп жатқанын сұрап, көкейдегі толғандырған сауалдарына жауап алды.

Ал директордың тәрбие ісінің меңгерушісі Жұмагүл Ермекбаева: «Біз өткен жылы «Адалдық алаңы» дүкенін ашқан болатынбыз, биыл да арнайы мамандар шақырып шара өткізіп отырмыз, сонда түсінгенім біздің балаларға сенімділік, адалдық деген ұғымдар әлі толық дарымай қалған сияқты деген ой туындады, оны әуелі отбасынан, балабақшадан бастаса елімізде адал азаматтары көп, өз-өзіне сенімді ұрпақ шығатынына сенімдімін, - дей келе, әкімшілік атынан келген қонақтарға алғысын білдірді.

Ақмарал ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Индер ауданы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика