Іс-шара барысында ауылымыздың тынымсыз еңбек етіп жүрген азаматтарының өмірі мен қызмет жолына тоқталып, олардың еңбегі қоғам үшін қаншалықты маңызды екені сөз болды.
Ауылдағы қарапайым еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, оларды елге үлгі ету мақсатындағы шараға ауылда әр салада бірнеше жыл бойы еңбек етіп жүрген тұрғындар, атап айтқанда Ә.Кекілбаев атындағы орта мектептің кіші қызметкерлері Қамария Зейнешқызымен Айнагүл Асылбекқызы, Ынтымақ ауылының су тазарту қондырғысы мекемесінің жұмысшылары Шафхат Төлепбергенұлы мен Арыстан Халықұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Өз ісіне адал, мектеп ұжымының ұйытқысы, еңбекқорлығымен көпке үлгі оларға ауыл өнерпаздары ән шашуын тарту етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылып, еңбек адамдарын дәріптеудің маңыздылығы туралы ойлар ортаға салынды. Өз кезегінде кеш қонақтары еңбек жолдарын әңгімелей отырып, қойылған әр сауалға жауап берді.
Шара соңында қатысушылар жұмысшылардың күнделікті еңбегін насихаттайтын «Еңбек – елдің тірегі» атты көрме-инсталляциямен танысты. Бұл көрме арқылы жастар мен оқушыларға еңбекке деген құрмет, қарапайым мамандықтардың қадірін түсіну идеясы жеткізілді.
Кеш қонақтары алғыс хатпен марапатталды.
Иә, мұндай шаралар еңбек адамдарының мерейін асырып, қоғамдағы рөлін айқындауға үлкен септігін тигізеді. Ал адал еңбекті дәріптеу – ұлт болашағына жасалған үлкен қадам боп қала бермек.
Айгүл Тәженова,
кітапханашы,
Ынтымақ ауылы
Адал еңбекті дәріптеу – ұлт болашағына жасалған үлкен қадам
- Информация о материале
- Автор: Дендер
- Категория: Аудан тынысы
- Read Time: 1 min
- 29
