Абайтану әр қазақтың олжасы

Индер аудандық "Дендер" газетінің  "Ел болам десең..." атты айдарының аясында кезекті отырысы өтті.

Бас редактор Жанай Амантурлиннің жетекшілігімен өткен басқосуда  алдымен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай оның шығармаларының насихатталуы, жалпы Абайтану жайы кеңірек сөз болды.  Газетті белсенді тілші-авторлары С.Халықов, Қ.Кәрім, Н.Каримова, ақын А.Досымбетова сынды өзге де қоғам белсенділері ойларын бүкпесіз жеткізді.

Екінші бөлімде жарты жылдықта ұйымның атқарған жұмысы, редакцияда талқыланған Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелерге орай қоғамның көзқарасына шолу жасалды. Сондай-ақ ұлттық құндылықтарды одан әрі дәріптеу әңгіме өзегіне айналды.

Сондай-ақ шарада аудандық кітапхана "Абай әлемі" атты көрме жасақтап, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Шырын Еламанқызы ұлы жазушының шығармаларымен таныстырса, бөлімінің меңгерушісі Ақсана Сансызбаева кітаптардың ішіне жасырылған тақырыпқа орай сұрақтарға жауап берген оқырмандарға сый ұсынды.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT