« Абайлаңыз, балалар! » жедел профилактикалық іс шарасы.
Аудан көлемінде 27-29 шілде аралығында « Абайлаңыз, балалар! » республикалық жедел -профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жаңа оқу жылының қарсаңында елімізде дәстүрлі түрде « Абайлаңыз, балалар! » республикалық жедел -профилактикалық іс-шарасы бастау алады. Оның негізгі мақсаты- жасөспірімдердің қатысумен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, кәмелетке толмағандарға жол қозғалысы ережелерін үйрету және жүргіншілердің жауапкершілігін арттыру. Жазғы демалыстан кейін мектепке қайта оралған балалар жол қозғалысы ережелерін сақтауға толық бейімделмеген. Сондықтан дәл осы кезеңде жол-көлік оқиғаларының қаупі жоғары болады.
Іс-шараның аясында тәртіп сақшылары:
- Мектеп маңындағы көшелерде бақылауды күшейтті;
- Оқушылармен ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде;
- Жол козғалысы ережелері бойынша танымдық сабақтар, викториналар мен кездесулер ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар, жүргізушілерге мектеп аумақтарында жылдамдықты төмендету, жаяу жүргінші өткелдерінде балаларға жол беру қажеттілігі қатаң ескертілді. Ата-аналарға болса, көлікпен жүргенде балаларды арнайы ұстайтын орындықтар мен қауіпсіздік белдігін міндетті түрде пайдалану керектігі айтылды.
Индер ауданы Полиция бөлімі