Қаңтардан қандай сабақ алдық?

Қаңтар оқиғасы Тәуелсіздігіміз үшін өте қауіпті болғаны белгілі. Халық абдырап, кімге сенерін білмей қалды. Бейбіт заманда қаншама қарапайым адамдар оққа ұшты, ана баласынан, әйел жарынан айырылды. Айта берсе қасіреті көп, әрине. Президентіміздің батыл шешімі нәтижесінде жағдай қалпына келіп, елдігімізді сақтап қалдық. Кешегі Парламент мәжілісінде еліміздің Бас прокуроры, Ішкі істер министрлігі осы оқиғадағы арандатушылар,жалпы қаңтар қасіреті жөнінде баяндама жасады. Әділ тергеу жүріп, жауаптылар жазаланады деп сенеміз. Алайда осының бәрі о баста елдегі халықтың әлеуметтік жағдайының төмендігінен, жемқорларға деген ашу-ызадан туды деп ойлаймын өз басым. Сондықтан да елдегі жүйе түбегейлі өзгеріп, әділдік салтанат құруы тиіс. Бірақ, әлі де құзырлы органдардың халықпен байланысы жолға қойылмаған тәрізді. Өйткені өзіміз жергілікті органдардың жұмысынан толық хабардар емеспіз. Осының бәрі халыққа кері әсер етпей ме? Қайткенде де еліміздің тыныштығын тілейміз.

Қымбат Кәрім,

ардагер ұстаз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз