Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлердің қолында 1 мыңнан астам қару болған

kazinform

Қаңтар оқиғасы кезінде қылмыскерлердің қолында 1 мыңнан астам қару болған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, еліміз бойынша қылмыскерлер 2 960 қару-жарақ пен шамамен 63 мың оқ-дәріні ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта оларды іздеу қарқынды жүргізіліп жатыр. қылмыстық іс аясындағы жедел іздестіру іс-шарасы барысында 200-ден астам қойма жойылды. Олардан 4 160 қару-жарақ пен 57 мың оқ-дәрі табылды. Бүгінде 964 қару-жарақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланғаны анықталды», - деді министр.

Марат Ахметжановтың дерегінше, 3 196 қару-жарақ, оның ішінде 7 гранатомет, 1 пулемет бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

«Осылайша, қылмыскерлердің қолында 1 мыңнан астам криминалдық қару-жарақ болған. Шабуылдаушылар олдарды қолдануды жоспарлаған», - деді ол.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз