Ақөрік Сақышева жаңа дүкен ашты

Индербор кентіндегі жаңа «Болашақ» мөлтек ауданында «Estai» - азық-түлік дүкені ашылды.

Бұл дүкеннің ерекшелігі – жаңа бой түзеп келе жатқан «Болашақ» мөлтек ауданында ашылған алғашқы дүкен. Яғни, жаңа мөлтек аудан тұрғындары енді бірнеше шақырымдап орталыққа қатынамай-ақ, қажеттін іргедегі дүкеннен алуына мүмкіндік туды.

Кәсіпкерлік нысан иесі Ақөрік Сақышева алдымен «Бастау бизнес» жобасы бойынша тәлім алып, кейін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында ауылшаруашылық қаржылай қолдау қорыннан 6 млн жеңілдікпен несие алып, кәсіпкерлік іске тәуекел жасапты. Бұл іске қолдау білдірген жолдасы Абзал Қуанұлы мен ағайындарына ризашалығын білдірді. Салтанатты алқызыл лентаны аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұрлыбаев пен кәсіпкердің қайын атасы Қ.Естаев қиды.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521