Ақпарат саласының ақтаңгерлері

Байланыс және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудан басшысы С.Арыстан газет ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдады.

Өңір айнасына айналған газеттің билік пен халық арасын байланыстырушы көпір ретінде бағалайтынын жеткізген аудан басшысы ұжымды төл мерекемен құттықтады. -Жарқын болашақ жолындағы мемлекет саясатын халыққа жеткізуде бірігіп еңбек етіп келеміз. Шерхан ағамыз айтпақшы, «арқалағаны алтын, жегені жантақ» журналистер қауымы еліміздің гүлденуіне үлесін қосып, жасалып жатқан жұмыстарды көрсетіп, халықтыі тілек-ұсынысын бізге жеткізіп жүр. Оның ішінде өзіміздің «Дендер» де бар. Біз әрқашан осылай бірігіп жұмыс істеуге, сіздерді қолдауға дайынбыз. Мерекелеріңіз құтты болсын, шығармашылықтың шыңынан көріне беріңіздер,-дей келе газет ұжымына және өнікті еңбегі үшін жарнама менеджері А.Бигайроваға Құттықтау хат тапсырды.

Аудандық мәслихат хатшысы Б.Сапаров ақпарат құралдарының рөлі қашанда маңызды екенін, бүкіл жұмыс газет арқылы халыққа тарайтынын айтып, журналистерді депутаттар корпусы атынан құттықтады.

Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө.Нұриев газеттің мазмұнды шығып келе жатқанын, соңғы кездері ауыл тілшілерімен байланыс жанданып, жастар жұмыс қарқындылығы байқалатынын айтса, ардагер журналист К.Сахи ізгі тілегімен қоса естеліктен сыр шертті.  

Кездесу соңында газеттің бас редакторы Ж.Амантурлин заман талабына сай бой түзеген газет тынысы, шығармашылық ұжымның еңбегі жөнінде айта келіп, арнайы қабылдау өткізіп, құттықтағаны үшін аудан әкімі С.Арыстанға редакция атынан ризашылығын білдірді.

 

А.Тапан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз