«Бұл туралы бүгін өткен жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
«Жастар мен көп балалы аналарды және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында ерекше бизнес идея үшін 87 азамат жалпы құны 48,3 млн.теңге болатын мемлекеттік грантты иеленді. «Бастау Бизнес» курстарынан өткен 150 азаматтың жобасы оң шешімін тапты. Сонымен қатар, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ағымдағы жылы 45 адамға шағын несие беру жоспарланып, есепті кезеңге 51 адамға 262,9 млн. теңге шағын несие берілді», - деді Индер ауданының әкімі Мейірім Қалауи.
Еске сала кетелік, өткен жыл ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы Индер ауданында 2226 адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 1501 адам тұрақты жұмысқа кірген.