2025 жылға дейін республикалық жолдар 100 пайыз жөнделеді – министрлік

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев еліміздегі автомобиль жолдарының жай-күйін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар болса, қалған 71 мыңы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар.

«2025 жылға дейін республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесін 100 пайызға, жергілікті желі жолдарының үлесін 95 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр», - деді Қ.Өскенбаев Үкімет отырысында.

Көлік-транзиттік әлеуетті арттыру міндеттерін іске асыру 8 көлік дәлізін жаңғырту арқылы қамтамасыз етіледі.

«Бүгінде жалпы барлық дәліздер толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жекелеген учаскелер бойынша өткізу қабілетін арттыру үшін реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Қ.Өскенбаев.

inform.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521