2023 жылдың алғашқы үш айында Қазақстандық қонақүйлер 43 млрд теңге табыс тапқан

2023 жылдың алғашқы үш айында қазақстандық қонақүйлер 43 млрд теңге табыс тапқан. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе көп. Былтыр алғашқы тоқсанда еліміздегі орналастыру орындары 26,3 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Қаңтар-наурыз аралығында орналастыру орындарына 228 мың шетелдік қонақ тоқтады. Айта кету керек, жыл басында Қазақстанда қонақүйлердің саны 4 мыңға жетті. Олардың жалпы сыйымдылығы 203 мыңнан астам орынды құрайды. «Ішкі және шетелдік туристер санының артуына байланысты қонақүй қызметінің көлемі де ұлғайды. Мәселен, биыл жаз басталғалы елімізге келген шетелдіктердің жалпы саны 3 есе артты. Атап айтқанда, Қытайдан – 8,5 есе, Үндістаннан – 4,7 есе, Оңтүстік Кореядан – 3,8 есе, Ираннан – 3,8 есе, Германиядан – 3 есе, АҚШ-тан – 2,2 есе артып отыр»,- деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева. 

ҚазАқпарат

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс) +77082922701 whatsapp

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз