Баршаңызды егеменді еліміздің мәртебелі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тарихи оқиғалар тоғысқан, тағылымы терең бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті де қастерлі мереке.
Бүгінде іргесі берік, абыройы асқақ Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 29 жыл толып отыр. Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға, елеулі жетістіктерге қол жеткізді.
Жаңа ғасырда қайта түлеген мемлекетіміз кемелденген, қуатты да іргелі елге айналды. Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністік, әлем елдерімен сыйластыққа негізделген айшықты қатынастардың дара жолын қалыптастырды. Мұның барлығы Елбасының көрегендігі мен кемеңгерлігінің, сарабдал саясатының және халқымыздың жасампаз еңбегінің нәтижесі.
Қадірлі жерлестер!
Еркіндік пен азаттықтың бастауы болған мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, игі істеріңізге сәттілік тілеймін! Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік, еңсесі биік болғай!
Құрметпен, аудан әкімі М.ҚАЛАУИ