139 күн панелі алыс аймаққа жетті

Ауданымыздың алыс аймақтарындағы малшы ауылдарда күн сәулесі энергиясын пайдаланып отырғандардың қатары көбейді.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәулет Есетовтың айтуынша, былтыр 74 шаруа қожалығы, ал биыл 65 шаруа қожалығы күн сәулесі энергиясының құрал–жабдықтарымен қамтылыпты. Аталған күн сәулесі панелдерінің өзіндік құны 2,5 миллион теңге шамасында тұрса, соның 80% мемлекеттен субсидия арқылы төленіп, ауыл-аймақтағы малшыларға көп жеңілдік жасалып отыр екен.

-Күні кеше ғана Көктоғай ауылдық округінің алыстағы құмды аймақтарын аралап келдім. Малшы ауылдар күн панелімен теледидарын тамашалап, тоңазытқышында азық-түлігін сақтап, ұялы телефонын қуаттандырып, игілігін көруде. Тіпті құдыққа насос орнатып, суын үйге жүргізіп алғандары да кездеседі, - дейді салалық бөлім басшысы Сәулет Есетов.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521