100 бөлке нан тегін таратылды

Елбасының тапсырмасы бойынша, Мемлекет басшысының бастамасым ен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясы асында көптеген мұқтаж жандарға тиісті көмектер көрсетіліп келеді. Міне, мұндай акция ауданға қарасты Өрлік ауылдық округінде де өткізілуде.

Бүгінге таңда ауылдың 1997 жылы туған жастары бастаған эстафетаны 1996 жылғы жастарда лезде жалғастырып кетті. Олар ауылдағы барлығы 10-ға жуық көпбалалы, жалғызбасты аналар мен аз қамтылған отбасыларға тегін азық-түлік үлестіріп берсе, ауылдағы дүкендерге 100 бөлкеден астам нан жеткізіп, тұрғындардың тегін алуына жәрдемдесті.

orlik-komek

Жасыратыны жоқ, қазір қоғамда қамқорлыққа зәру жандар жоқ емес. Сондықтан, бұл акцияға өзгенің тағдырына бей-жай қарамайтын барлық жан үлес қосса нұр үстіне нұр болар еді.

Жалпы қиналған жанға қол ұшын беріп, оған қуаныш сыйлаған жанның үлкен сауап жинайтынын білсек, әрдайым жақсылық жасауға асығайық.

Д.ҚАБИ

Өрлік ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз