10 қаңтар, яғни бүгін – Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні.
8 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай Жарлыққа қол қойды. Тәртіп бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктердің, шекаралық дипломатиялық мекемелердің ғимаратындағы мемлекеттік ту төмен түсіріледі. Ойын-сауықтық шаралар мен осы мазмұндағы телебағдарламалар тоқтатылады.
Тәуелсіздік алған 1991 жылдан бері Қазақстанда аза тұту күні осымен 11-ші рет жарияланып отыр. Ал бұл қазақстандықтар үшін соңғы екі жылдағы төртінші қаралы күн.