Жауынгер атындағы жарыс өтті

Бүгін аудан орталығында Ауған соғысының боздағы, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Абат Далабаевтың құрметіне жасөспірімдер арасында еркін күрестен жарыс басталды.

Қазақ елінің Гимні орындалып, аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сайыскерлерге сәттілік тіледі.

-Абат атындағы жарыс бұрын туған ауылы Бөденеде аудандық деңгейде өткізіліп келсе, бүгінде аудан орталығында алғаш рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр, -деді ол.

dsc_1580

Жарыстың ашылуына аудандағы бір топ Ауған соғысы ардагерлері құрметті қонақ ретінде қатысқан болатын. Интернационал жауынгерлердің арасынан аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Самат Әйтимов сөз алып, ризашылығын білдірді. Облыстық грек рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының вице президені Нұрлан Усиев облыс еркін күресін дамытуда индерлік бапкерлердің үлесі зор екендігін айта келе жастар арасындағы әлем және құрлық чемпионатының жүлдегері Сырбаз Талғаттың алғашқы бапкері Н.Кәукенов, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Бисенбаев, аудандық балалар спорт мектебінің директоры М.Биғамбаевты алғыс хатпен марапаттады.

Спорт кешіннің атшаптырымдай залына төселген екі бірдей боз кілемде Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысы және Атырау өңірінің палуандары бәске түсті.

bas-zhulde-dalabaev

Нәтижесінде, Қуанышбек Нұрмерей  (Индер), Жақсылық Димаш (Атырау), Қадырбаев Санжар (Актобе), Жұмабай Амандық (Макат), Ахметжан Эльдар (Атырау), Өрбісінов Мұхамед-Дияр (Индер), Жанболатов Ізбасар (Индер), Сайранов Ерасыл (Макат), Құспанғалиев Наурызбек (Атырау), Ерғанашев Ерасыл (Индер) өз дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды. 

Саламат Б.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика