Облыстан жаңа жылдың басында Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжіне көңілді жадыратқан жақсы хабар келіп жетті.
Бұл сүйінші хабар-ұжымдағы мұғалімдер командасының облыс бойынша 11 команда қатысқан дәстүрлі спартакиадада тағы да мәртебелі екінші орынды жеңіп алғанын жеткізді.
- Бұл осымен облыстағы колледж ұжымдары арасындағы мұғалімдер спартакиадасындағы индерліктердің үшінші рет ие болып отырған жеңісі. Алғашқыда үшінші, соңғы екі жылда екінші орынға ие болып отырған жайымыз бар,- деді ұжым басшысы Бағытжан Ниетқалиұлы спортшыларды қабылдап, ризашылық білдіргенде қуанышын жасыра алмай.
Жасыратыны жоқ, облыста жыл сайын жоғары және орта білім беретін оқу орындары мұғалімдері арасында бір апта бойы өтетін бұл спартакиадағы ұйымшылдық қатысудың өзі үлкен жеңіс екені анық.
- Атап айтқанда құрамында А.Халықов, А.Жанғалиев, Н.Салахиденов, Е.Абилхатиев, Е.Утеуов, Р.Ғазизов, А.Жанғалиев, М.Тілегенова, А.Жалғасова, Б.Мырзахметова ойнаған гандбол командасы бірінші орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ Н.Салахиденов, Е.Әбілхатиев, Г.Әжігереева бар тоғызқұмалақшылар да шеберлік танытып, бас жүлдені төбелеріне көтерді. Шахматтан Ж.Хамитов пен А.Халықов, А.Масалимова ойнап, жүлделі үшінші орынға көтеріліп, команда қоржынына жоғары ұпайлар қосты,- деді индерліктер командасының капитаны, колледждегі денешынықтыру пәнінің мұғалімі Бағдат Әбенов.
С.БИСЕНОВ.