Индерлік палуандар көрші облыстың жеңімпаздары атанды

Индерлік палуандар еркін күрестен көршілес Батыс Қазақстан облысының ашық біріншілігінен жеңіспен оралды.

Жасөспірімдер арасында бұл жарыс Ақжайық ауданы Чапаев ауылында өткен болатын. Жеңістің жаңалығымен аудандық балалар спорт мектебінің аға бапкері Салауат Қыраубаев бөлісті. Боз кілемде сәтті белдескен Дуатов Қасымхан (Елтай), Алмасұлы Бірлік (Бөдене), Өрбісін Жанарыс (Бөдене), Асылбек Расул (Индер) көрші облыстың чемпиондары атанды.

Сондай-ақ бір топ индерлік палуандар күміс пен қола жүлдені жеңіп алды. Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521