Шымкентте жасөспірімдер арасында бокстан ҚР чемпионаты өтті.
Онда 2011-12 жылы туған жасөспірімдер өзара бақ сынасты. Салмағы 70 келіден асатын ел чемпионы болып атыраулық Перизат Мәлік танылды! Ал, турнирдің қола жүлдегерлері Перизаттың жерлестері болды, олар - 49 келіге дейін - Вероника Литвинова және 61 келіге дейін — Алиса Жиенғали. Айта кетейік, оларды Әлібек Көшенов жаттықтырады. Ол - сонау тоқсаныншы жылдардағы белгілі каратэші Болат Көшеновтың ұлы.